ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Біліктілікті арттыру курстары

Қажетті тақырыпты таңдаңыз. PDF құжат төменде ашылады және сол құжат бойынша пікір қалдыра аласыз.

01 «ПРИМЕНЕНИЕ АДАПТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ ПРИ ОБУЧЕНИИ ЯЗЫКАМ» → 02 «ТАБЫС ЖАҒДАЯТЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» → 03 «Тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу әдістемесі» → 04 «Химия пәнін оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» → 05 «Биология сабақтарында оқушылардың зерттеу жүргізу және жобалар дайындау дағдыларын қалыптастыру» → 06 «ДИСЛЕКСИЯ И ДИСГРАФИЯ: ДИАГНОСТИКА, ПРОФИЛАКТИКА И МЕТОДИКА ПРИ ОБУЧЕНИИ ЧТЕНИЮ И ПИСЬМУ ШКОЛЬНИКОВ» → 07 «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар және арнайы медициналық топтағы оқушыларға арналған дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру: мазмұнды, жүктемені және бағалауды бейімдеу» → 08 «Жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытудың заманауи тәсілдері мен технологиялары» → 09 «Жасанды интеллект және математика: мұғалімнің жаңа цифрлық құралдары» → 10 «Зерттеу дағдылары мен цифрландыру контекстіндегі арнайы білім беру саласындағы заманауи оқыту әдістемелері және логопедиялық қызмет» → 11 «Жасанды интеллект және цифрлық педагогика: заманауи мектеп мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» →

«Тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу әдістемесі»

PDF-ті жаңа бетте ашу ↗

Пікір қалдыру

14 пікір
К
Карлыгаш Амракуловна

Данная программа дает возможность студентам развёрнуто заниматься различными проектами, как путеводитель и помощник в оформлении и организации научных проектов, подробно расскрывает требования и нормативы исследований. Благодарность за труд и поддержку в разработке научных проектов и исследований.

Е
Елтаев Орал

Материалдың практикалық маңызы жоғары, себебі мұғалімге оқушыларды ғылыми жобаға дайындау, тақырып таңдаудан бастап жобаны қорғауға дейінгі кезеңдерді жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тақырыптың мазмұны тарих пәнін оқытудағы жобалық және зерттеушілік бағыттармен үйлеседі.

К
Керимова Пернекул Жаксылыковна

«Тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік материал да өзім қызмет атқаратын Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі үшін маңызды. Себебі оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, жобалық жұмыстарды сапалы ұйымдастыру және оқушыны ғылыми ізденіске бағыттау – мектептің білім беру бағытындағы маңызды міндеттердің бірі.
Ұсынылған материалдың мазмұны түсінікті, құрылымы жүйелі және тәжірибеде қолдануға қолайлы. Мұғалімдер үшін практикалық маңызы жоғары деп бағалаймын. Осындай өзекті әрі сапалы әдістемелік ресурстардың білім беру саласына енгізілуі педагогтердің кәсіби дамуына және оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыруға оң ықпал етеді. Университет ұжымына осындай пайдалы оқу-әдістемелік материалдар әзірлегені үшін алғыс білдіремін.

З
Зайнулла Қайнар Зайнуллаұлы

Бұл бағдарлама маған ұнады, тиімді жақтары мол

З
Зайнулла Қайнар Зайнуллаұлы

Бағдарламаның өзектілігі мектептегі тарих білімінің мазмұнын дайын
ақпаратты меңгертуден дәлелге негізделген тарихи пайымдауға, деректерді
сыни талдауға және дербес зерттеу жүргізуге бағыттау қажеттілігімен
айқындалады. Мұғалім ғылыми жетекші ретінде оқушыға зерттеу сұрағын
нақтылауға, қолжетімді әрі сенімді дерек қорын құруға, академиялық
адалдық нормаларын сақтауға және зерттеу нәтижесін ғылыми тілде ұсынуға
жағдай жасайды.

Д
Даулет Шымбай

Керемет ұнады

М
Махмутова Балжан

«Тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу әдістемесі» бағдарламасы білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, тарихи білімдерін тереңдетуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға бағытталған, мазмұны өзекті әдістемелік бағдарлама болып табылады.

Б
Балнұр Исмайлова

Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласын өзгертудің бірден бір тиімді жолы жаңа технологиягы игеру. Осы тұрғыда ұйымдастырылған Тарих пәнін оқытудағы бағдарламаның құрылымы өте жақсы, тиімді тұстары көп.

Е
Е.Д. Пазилов

Бағдарламада тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеудің өзекті мәселері толық қамтылған. Осы бағытта еңбек етіп жүрген барша ұстаздар қауымын курсқа белсенді қатысуға шақырамын!!!

Е
Ерланқызы Арайлым

«Тарих» пәні бойынша әзірленген оқу бағдарламасы білім алушылардың тарихи білімін қалыптастыруға, тарихи оқиғалар мен үдерістерді жүйелі түрде меңгеруіне, тарихи санасы мен ұлттық құндылықтарын дамытуға бағытталған! Осы бағдарламаны сіздердіңде қарауларыңызды ұсынамын !

М
Мирзамсеитова Калия Ералыевна

Бағдарлама қазіргі уақытта маңызды болып саналады.

К
Камила Асанбековна

Керемет бағдарлама жақсы қамтылған

Ж
Жақсылық Ерлан Ержанұлы

«Зерделі» мектебі «Тарих пәні бойынша оқушылардың ғылыми жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу әдістемесі» біліктілікті арттыру бағдарламасын өзекті әрі практикалық маңызы жоғары деп бағалайды. Бағдарламада ғылыми жоба тақырыбын таңдау, тарихи деректермен жұмыс жасау, зерттеу әдістерін қолдану, академиялық адалдықты сақтау және оқушыларды ғылыми жобаны қорғауға дайындау мәселелері жүйелі қамтылған. Бағдарлама тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Б
Білімді ұрпақ жекеменшік мектебі

Бұл мектеп мұғалімдері үшін таптырмайтын бағдарлама екен. Оқушыларды жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуға арналған керекті ақпараттарды осы жерден табуға болады. Басқа әріптестерді осы бағдарлама негізінде курстан өтуге кеңес беремін!